12.10.2026
Бүгінгі таңда білім беру ұйымдары арасындағы өзара тәжірибе алмасу, кәсіби ынтымақтастық пен сабақтастықты нығайту – педагогикалық білім сапасын арттырудың маңызды бағыттарының бірі.
Осы мақсатта «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Арман» бөбекжайы МКҚК мен Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі МКҚК арасында өзара ынтымақтастықты дамытуға бағытталған меморандумға қол қойылды.
Аталған меморандумның негізгі мақсаты – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласы мен педагог кадрларды даярлайтын білім беру ұйымы арасындағы кәсіби байланысты нығайту, тәжірибе алмасу және болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту.
Ынтымақтастық аясында тараптар:
* педагогикалық тәжірибе алмасу;
* студенттердің оқу және кәсіби практикасын тиімді ұйымдастыру;
* тәжірибелі педагогтердің озық жұмыс тәжірибесін тарату;
* ашық сабақтар мен шеберлік сыныптарын ұйымдастыру;
* семинарлар, дөңгелек үстелдер және кәсіби кездесулер өткізу;
* студенттердің кәсіби дағдыларын қалыптастыруға әдістемелік қолдау көрсету;
* мектепке дейінгі ұйым мен колледж арасындағы сабақтастықты нығайту;
* инновациялық және ұлттық тәрбие бағытындағы жобаларды бірлесіп жүзеге асыру;
* педагогтердің кәсіби дамуына қолайлы орта қалыптастыру бағыттарында бірлескен жұмыстар жүргізуді жоспарлап отыр.