Текст
Сіздерді еліміздің ең ұлық мерекелерінің бірі — 25 қазан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Республика күні — тәуелсіздігіміздің тұғыры, егемендігіміздің еңсесі, елдігіміздің айқын белгісі. Бұл — Отанымызға деген сүйіспеншілігімізді арттырып, бірлігіміз бен ынтымағымызды нығайтатын ерекше мереке.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, көк байрағымыз әрдайым биікте желбіресін! Әр шаңыраққа шаттық, әр отбасына бақ-береке, молшылық пен қуаныш тілейміз. Болашағымыз жарқын, ұрпағымыз білімді де тәрбиелі, еліміздің ертеңі нұрлы болсын!